Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Жолдың шетіне шығып кеткен көліктің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Құлжа трактінде болған. №203 жолаушылар автобусының айналасында аң-таң болған балалар мен ересектер байқалады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді.

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы 26 маусымда «Алматы-Көкпек-Көктал» автожолының 24 шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен. Жол-көлік оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.