Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жыл басынан бері жол ақысын төлемеген 15 мыңнан астам адам айыппұл арқалаған

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2023
  • 1735

Елімізде қоғамдық көлікте жүру ақысын төлемейтіндер көбейген. Жыл басынан бері бір ғана Астананың өзінде 82 мыңнан аса факті тіркелді. Жұрт жол ақыны төлеуге неге құлықсыз? Тілшіміз анықтап көрді.

Жол ақысын төлемейтіндер көбейгенін тексеріс қызметкерлері айтады. Жыл басынан бері 15 мыңнан астам адам айыппұл арқалаған.

Самал ҚАБЫШЕВА, КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Тексеріс барысында жалпы 50-60 қоғамдық көлікте тексеріс жүргіземіз мониторинг жасап.Оның ішінде әрбір 5-ші автобуста жол ақысын төлемеген жолаушылар кездеседі. Күніне енді 10 –нан аса жолаушы анықтаймыз жаңағыдай жол ақысын төлемеуден.

Елорда да жолақы құны - 90 теңге. Бірақ, жұрт соны төлегісі келмейді. Көбі тек тексеріс кезінде әрекет ететін көрінеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Жол ақысы деген ол қазақта сөз барғой жол ақысы тәңір ақысы деп жолға төлеу керек.

- Ол болады бірақ кейде ана тексерушілер кірген кезінде карточкасын беріп жатады. Басып жіберіңізші деп . Кездеседі ондай. Жоқ емес бар.

- Егер тексерсе тексерді ал егер тексермейтін болса сәтті түсіп кетеді. Енді ол адамның өзіне байланысты деп ойлаймын қаладағы. Әртүрлі қоғамда неше түрлі адамдар бар ғой.

Мамандардың айтуынша, өзге елдермен салыстырғанда Қазақстандағы жолақы біршама төмен. Мәселен Германияда билет құны – 7,5 евро, яғни (3 589 теңге), Қытайда 1-5 юань (63-315 теңге). Грузияда 2,5 лари (436 теңге) болса, ал Италияда 1,50 евро (717 теңге). Ал, елімізде төлем екі түрде жүргізіледі.

Орынбасар АҒАБАЕВ, БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОР:

Елордамыздың автобустарында екі төлем каналдары бар олар көлік карталары арқылы және QR-дын сканерлеу арқылы. Олардың үлесі шамамен 50 де 50 болып келеді. Статистикаға сүйенсек, QR арқылы төлеу қарқынды дамып келеді. Мысалы 21-ші жылы 35-40% құраса QR қазіргі таңда 50% бір күндері 55 %-ға дейін үлестерін алады.

Айта кетейік, бас қалада күн сайын 98 бағыт бойынша 850-ден астам автобус қатынайды. Күніне орта есеппен 600-мыңнан астам жолаушы тасымалданады.