Русский Сайттың толық нұсқасы

Мамандар "Титан" экипажының қалай қайтыс болғанын айтып берді

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2023
  • 1094

Атлант мұхитында "Титаникке" бару кезінде жоғалып кеткен "Титан" су асты кеменің жолаушылары тез әрі ауыртпалықсыз қайтыс болды. Бұл пікірді Флорида халықаралық университетінің профессоры Айлин Мария Марти CNN арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды massaget.kz

"Құрылғының корпусы жылдам, миллисекундтың аз ғана бөлігінде жарылып кеткен. Мұның бәрі іштегі адамдар батискафта ақау бар екенін түсінбей тұрып болған шығар. Олар қиналмай өмірден өткен", - деді ғалым.

Ресейлік океанограф Сергей Мұхаметов те "Титанның" экипажы әп-сәтте қаза тапты деп есептейді. Оның ойынша, бұл жексенбі күні – сүңгуір қайықтың жоғалып кеткен күні болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, жоғалып кеткен "Титан" сүңгуірдің қалдықтары Атлант мұхитынан табылған болуы мүмкін.

"Бөлшектері табылса, онда батискаф жарылып кетіп, экипажы бірден қайтыс болды... Мен олардың жексенбі күні қайтыс болғанына сенімдімін", - деді РИА Новостиге берген сұхбатында океанолог.

Сарапшылар марқұмдардың қалдықтарын табу мүмкіндігі өте аз екенін атап өтті. Ал батискафтың жарылу себептері туралы құрылғыны жер бетіне көтермейінше қорытынды жасау қиын.

Мамандардың айтуынша, су астындағы қайық дұрыс емес құрастырылуына байланысты жарылуы мүмкін. Кеменің корпусы ішінде тұтынушылар мен басқа жолаушыларға көбірек орын болатындай етіп ұзартылған. Сонымен қатар, корпус толық титаннан жасалмаған.

"Олар оны композиттерден құрастырған, әдетте корпус титаннан жасалады. Иә, композит өте берік. Бірақ композиттерге қатысты проблемалар да бар, сонымен қатар композиттер басқаларға қарағанда сәл өзгеше жарылады", - деп келтіреді Euronews теңіз инженері Джаспер Грэм-Джонстың сөзін.

Корпустың қалыңдығы да жеткілікті емес, ол шамамен 13 сантиметрді құрайды. Сарапшылардың пікірінше, 4 км тереңдіктегі қысымға мұндай қалыңдық төтеп бере алмайды. Сонымен бірге 5 экипаждың ешқандай рұқсат құжаты болмаған.

Айта кетейік, Атлант мұхитында дүйсенбі күні суға батқан "Титаник" кемесінің қирандыларына туристерді әкелген жеке сүңгуір қайық байланысын тоқтатқан.

Ол 18 маусымда суға батқаннан кейін шамамен бір сағат 45 минуттан кейін байланысын үзген. Бірнеше сағаттан соң АҚШ Әскери-теңіз күштерінің өте құпия акустикалық жүйесі Атлант мұхитында жарылысты тіркеген.

АҚШ жағалау күзетінің хабарлауынша, суға батқан "Титаниктен" 200 метрден астам жерде сүңгуірдің сынықтары табылған. Құрамында британдық миллиардер Хамиш Хардинг, француздың теңіз ардагері Поль-Анри Нарджоле, америклық "Титаник" туристік компаниясының негізін қалаушы Стоктон Раш және пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман болған экипаж қайтыс болды деп жарияланды.