Русский Сайттың толық нұсқасы

Өртеніп жатқан көліктен екі адамды құтқарып қалған азамат жазаға тартылмақ

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2023
  • 1715

Өртеніп жатқан көліктен екі адамды құтқарып қалған азамат жазаға тартылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

4 маусым күні "Астана-Петропавл" тас жолының 102 шақырымында екі көлік соқтығысты.

"Exceed TXT автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, арақашықтық сақтамай, сол бағытта келе жатқан Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан”, – делінген полиция хабарламасында.

Нәтижесінде, Daewoo Nexia автокөлігі өртеніп, 39 жастағы Exceed автокөлігінің жүргізушісі өртенген көліктің жүргізушісі мен жолаушысына көліктен шығуға көмектескен.

Cалдарынан 24 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тексеруден кейін жолаушы үйге жіберілген. Жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр.

ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жол апатына кінәлі жүргізушіге екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылу мүмкін. Сондай-ақ 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе екі жылға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.