Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар Сочиге тікелей ұша алады

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2023
  • 596

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты әуе рейстері қайта жаңғыртылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 28 маусымынан бастап Azimuth Airlines Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін қалпына келтіреді.

"Тасымалдау аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күндері Sukhoi Superjet-95 типті ұшақтармен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бұған дейін Қазақстаннан жаңа әуе рейстері ашылатыны белгілі болған.