Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сыйлықтары мен гранттарын кімдер иеленді?

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2023
  • 579

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен бір топ журналист Президент сыйлықтарын және гранттарын иеленді, деп хабарлайды қазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

«31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;

«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

«Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;

«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;

«Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;

«Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«Время» газетінің шығармашылық ұжымына;

«Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;

«Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;

«TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.