Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әйелің де адам ғой": Тәуекел Мүсілім ер адамдардың кей ісін сынға алды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2023
  • 942

Танымал актер Тәуекел Мүсілім өзін әйелдер тәрбиелегенін айтты. "Осколки" бағдарламасына келген өнер иесі "әйел үндемеу керек" дейтін ерлерді сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені анам тәрбиеледі. Менің айналамның барлығы әйелдер болды. Анам, тәтем және әпкем. Үш әйел мені тәрбиеледі. Мен ештеңеге өкінбеймін. Керісінше, бұл жағдай менің әйелімді көбірек түсінуге көмек берді. Себебі, көп ер адамдар мұндай түсінікті әлсіздік деп қабылдайды. "Әйел үндемеу керек" дейтін ер адамдарға айтарым, әйелің де адам ғой. Оның да құқығы бар. Оны да біреу тәрбиеледі. Сен де қыз тәрбиелеп отырсың ғой. Алла берген қызды жақсы көресің. Қызыңа "Сен - біреудің әйелісің. Сен үндемеу керексің" деп өсірмейсің ғой. Ешбір әке қызына бұлай айтпайды. Өйткені, қызын жақсы көріп, қорған болады. Сонымен қатар қызын өзге отбасыда сыйлағанын қалайды. Бірақ бұл жайлы көбісі ұмытып кетеді. Әркім өз көзқарасын қалыптастырғысы келеді. Әйелің де біреудің қызы, оны да жақсы көрді. Әйелді тура солай жақсы көріп, қорған болу керек ", - дейді Тәуекел Мүсілім.