Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал қазақстандық ауыр атлет өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

Белгілі қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. 35 жастағы спортшының мәйіті өзінің үйінен табылды. Жетісу облысы полиция департаментінің мәлімдемесі бойынша, тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Ал туыстары спортшы өз-өзіне қол жұмсаған деп отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүруде.

Әлия НҰРМУХАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

35 жастағы ауыр атлеттің мәйіті оның тұрғылықты жері, Қаратал ауданы Достық ауылында табылды. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 105-бабында көзделген, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алды.

Владимир Седов-2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері. “Құрмет” орденімен марапатталған азамат еді. Алайда, 2016 жылы допинг қолдану ісі бойынша айыпталып, барлық жүлделерінен айырылған. Қайғылы жайт туралы ауыр атлетика федерациясы да өздерінің әлеуметтік желілерінде хабарлама жазып, көңіл айтты.