Маңғыстауда өзінің 3 кішкентай баласын аса қатігездікпен өлтірген ер адам өмір бойына сотталды.
«Сот үкімімен Е. есімді азамат ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәмелет жасына толмаған балаларға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, өмір бойына сотталды», – деп хабарлады облыстық сот.
Ол 3 баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Соттың мәліметінше, ер адам балта және пышақпен қаруланып, үйге келген соң аса қатыгездікпен өзінің 3 баласын өлтіріп тастаған.
Ер адам өкініп, кінәсін мойындады.