Русский Сайттың толық нұсқасы

"500 мың теңге". Анара Батырхан әлеуметтік желідегі жарнамасы туралы айтты

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2023
  • 1037

Әнші, актриса Анара Батырхан әлеуметтік желіден айтарлықтай табыс табатынын жеткізді. Бұл туралы ол El kz ақпараттық порталының ютубтегі "Базарlike" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда актриса қазір әлеуметтік желіде аса тым белсенді еместігін жеткізді.

"Мен ұялмай айта аламын. Менің әр оқырманым еңбекпен жиналған. Мені көбісі актриса ретінде таныды. Мен бір скетчкомда инстаграмщица болып ойнадым сол рөлден кейін менің оқырман саным сағат сайын өсті. Бір қарасам 10 мың, тағы қарасам 20 мың солай өсіп кетті. Қазір арнайы оқырман жинайтын накрутка бар менің оқырмандарым, фоллоуерлерім ондай емес. Бірақ қазір оқырман жинау өте қиын. Контенттер, трендтер өзгеріп жатыр. Сен халыққа ұнайтын контент, сапалы дүние үшін жаныңа контентмэйкер, мобилограф алып жүру керек", - дейді актриса.

Анараның айтуынша, оның қазір негізгі табыс көзі әлеуметтік желі емес екен.

"Менің жұмысым өте көп. Сондықтан мен бұрынғыдай оқырмандарыма керемет контент ұсынып жүрген жоқпын. Қазір контенттер қандай? Менің ойымша адам баласы әлеуметтік желіге қашан кіреді? Әрине, жұмыстан шаршап келгенде, көңілін көтеру үшін. Ойын-сауық тағы басқа көреді. Себебі өзінде мәселесі бар адам әлеуметтік желіге кіріп алып біреудің мәселесін қарап отырмайды. Сондықтан да менің де әлеуметтік желідегі қаралым жағы бұрынғыдай тым белсенді емес. Сондықтан мен жарнама үшін атамның құнын сұрамаймын. Бірақ жасырмай айтайын instagram sroriesке жарнама 300 мың теңге, ал парақшаға шығару 500 мың теңге болады", - дейді Анара Батырхан.