Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында дәмханаға барған 58 адам жаппай уланып қалды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2023
  • 1395

Түркістан облысының Кентау қаласында дәмханаға барған 58 адам жаппай уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz. хабарлайды. 

Зардап шеккендердің барлығына тамақтан улану диагнозы қойылған. Оның 20-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар болған. 18-і ересек пен екі жүкті әйел де бар. Барлық науқас 58 адам да өз ауруын "Ризик Раяна" дәмханасында тамақтанумен байланыстырады.

"Жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нысанның қызметі тоқтатылды. Қылмыстық іс қозғалды. Науқастардан, қызметкерлерден, тамақтан зертханалық зерттеу қаралды. Тексеруге облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары тартылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр", - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.

Қазір зардап шеккендер Кентау қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап жатыр.