Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Меккеде 2 миллионға жуық адам қажылық парызын өтеді

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2023
  • 1183

Қажылық сапарға барғандардың соңғы жоралғыларының бірі Меккеден шығысқа қарай орналасқан Мина алқабында шайтанға тас лақтыру рәсімі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңсәріде мыңдаған адам Ибрахим пайғамдардың әрекетін қайталау үшін киелі алқапқа бет алды. Құран кітабында жазылғандай, пайғамбар өз ұлын құрбандыққа шалуға көндірмек болған шайтанды таспен атып, айналасынан қуған.

Артынша рәсімге жиылған жұрт Әл-Харам мешітінің ішкі ауласындағы Қағбаны тағы бір айналып шықты.

Корольдік билігінің мәліметінше, биыл қажылыққа 1,8 млн адам келді, олардың дені – шетелдіктер. Бұған дейінгі рекорд пандемияға дейін болған. 2019 жылы қажы дәрежесін 2,5 млн мұсылман алды.