Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының депутаттары жаңа тұрпаттағы саяси мәдениетті қалыптастырудың эталонына айналуы керек – Саиров

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2023
  • 1352

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында сөз сөйледі.

«Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда ұлт болып сақталып, халық болып қарыштаудың бір-ақ жолы бар. Ол ұлттық бірлік, мемлекеттік ынтымақ, өзара ықпалдастық. Қазақ «Не ексең, соны орасың» дейді. Біз саяси аренада протекционизмге, өзіңнің жақын-жақпайыңды, ауылдасыңды, руласыңды лауазымға тықпалауға жол бермеуіміз керек! Протекционизм бүгінгі күрделі заманда азаматтардың мемлекетке деген сенімді коррозияға ұшырататын ең басты залал», - деді Саиров.

Депутат атағандай, депутаттар халыққа үлгі болатын, саяси мәдениет қалыптастыратын эталонға айналуы керегін айтты.

«Сондықтан, «AMANAT» партиясының депутаттары өздерінің игі істерімен, ұлағатты ойларымен, нақты қадамдарымен халыққа үлгі болып, жаңа тұрпаттағы саяси мәдениетті қалыптастырудың эталонына айналуы керек. Барлығымыз мемлекетшіл, әділетшіл болсақ, ұлтымыздың рухани әлемі де арайланып, халқымыздың мерейі үстем болары анық», - деді ол.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналды. Бүгінгі Форумға жалпы 2500-ден астам партияластар қатысып жатыр. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланады.