Русский Сайттың толық нұсқасы

Бішкек – Түрксіб бағытындағы пойыздан акциздік маркасы жоқ ірі темекі партиясы анықталды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2023
  • 1411

ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Мерке» теміржолдық өткізу пунктінде Бішкек – Түрксіб бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында екі вагоннан акциздік маркасы жоқ темекінің ірі партиясын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген. Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді.