Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сілтеме жасап.
«28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.
Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.
Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.