Русский Сайттың толық нұсқасы

Руслан Күлекбаев ісі бойынша алдын-ала сот тыңдауы басталды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2016
  • 2865

Руслан Күлекбаев халық алдында өлтірілсін! Алматыда қылмыскер қолынан қаза тапқан полицейлердің ет жақындары соттан осындай жаза кесуді сұрап отыр. Бүгін 18 шілдеде болған терактіге қатысты сот тыңдауы өтті. Атышулы істі тілшіміз Айгүл Ермахан бақылады.

Айгүл Ермахан, тілші:

Сот процесі тергеу изоляторының ғимаратында өтті. Соттағылар бұны Руслан Күлекбаевтің қоғамға ас қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. Ол бұған дейін тергеу кезінде қола кісендеулі бола тұра, тергеушіге столды төңкеріп жіберген. Бүгінгі сот отырысында оның сыбайластары деп танылғандар да төбе көрсетті.

Ерлан Болатов, Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:

Бүгін іс бойынша  талқылау өткізілмейді бұл жерде. Бүгінгі сот отырысында тараптардың, мемлекеттік айыптаушының, қорғаушының, сотталушылар мен жәбірленушілердің талап-тілектері болатын болса, сол қаралады.

Бұны естіген жәбірленушілер соттан істі ұзақ созбай, өлім жазасын кесуді талап етті. Тіпті халық алдында атуды сұрады. Бірақ күдікті жазадан қорықпайтын сыңай танытты. Сот сұрағына жауап қатпай, орнынан тұруға ерінді. Бұл жәбірленушілердің жүйкесіне тиді.

Қалай  сабыр етесің, үлпілдеп отырған баламды өлтіріп отыр қанын ішіп. Оның да ұл-қызы келе жатыр.

Айгүл Танағұлова, жәбірленуші:

Өлім жазасы өмір бойы. Аттырсын кейінгілерге сабақ болады. Оны неге бағып отыр мемлекет, өлтірсін. Неге тұрмайды? Барлығы амандасып отырғанда, ол Құдай ма екен. Микрофонға келмеді. Жұрт қатарлы тұрып, ізет көрсетсін. Жыртыңдап күліп отыр. Қанын ішіп сонша адамның. 

Сыбайластары деп танылғандар басты күдіктіге қару дайындап берген деген ақпар тараған болатын. Бірақ олардың қорғаушысы барлық іске Күлекбаевтың өзі кінәлі деп отыр.

Шәмен Жайылғанов, Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты:

Кулекбаев Руслан Алпысбайұлына менің қорғауымдағы Құсайыновтың ешқандай қатысы жоқ. Тергеу де бұндай қылмыстар тағылған жоқ мойнына. Ешқандай қару дайындамаған. Бұл өзімен-өзі, екі баласы бар. Кәдімгі бес уақыт намазын оқып, намаз оқығанда классикалық намаз оқыған ғой. Анау сияқты талтайып, саусағын шошайтып емес. Кәдімгі мұсылман. 

Басты күдікті Руслан Күлекбаев 8 полиция қызметкері мен 2 бейбіт тұрғынды атып өлтірді, сондай-ақ 3 адамның өміріне қауіп төндірген деген баптармен айыпталып отыр. Іс 61 томнан сұрады. Сот процесі 24 қазаннан бастап күнделікті әрі ашық өтетін болады.

Айгүл ЕРМАХАН