Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияда азық-түлік қымбаттады

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2023
  • 700

Германияның статистикалық басқармасы елдегі инфляция жөнінде мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған сәйкес маусым айында тұтынушылық тауарлардың бағасы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,8%-ке өсті. Әсіресе азық-түлік 15 процентке дейін қымбаттаған.  

Электр қуаты мен коммуналдық қызметтердің де құны айтарлықтай артты. Сарапшылардың болжамынша, алдағы айларда бұл үрдіс сақталады. Ал келесі жылда инфляция деңгейі біртіндеп төмендейді.