Петропавлда
Игорь Нанаевтің өліміне қатысты тағы да үш күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау
изоляторына қамалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ІІД басшысы Берік
Біләлов хабарлады.
Берік
Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысы ІІД басшысы:
Екі студент Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің дене шынықтыру және тарих факультеттерінде, ал біреуі колледжде оқиды. Барлығы да Певтропавл қаласының
тұрғындары. Қарапайым отбасынан шыққан балалар. Күдіктілердің бірі толық емес
отбасында тәрбиеленген.
Ал
бұған дейін бұл орган өкілдері спортшы бір адамның қолынан қаза тапқанын айтқан
болатын. Ал туыстары мен достары, тепсе темір үзер жігітті бір адам өлімші етіп
сабауы мүмкін емес, деп күдіктенген еді. Таяуда бұл істі ІІМ мен Бас прокуратура
бақылауға алғанын хабарлады.
Естеріңізге салайық, облыс орталығындағы түнгі клубтардың бірінде
23 жастағы баскетболшы Игорь Нанаевты белгісіз біреулер өлімші етіп ұрып
тастаған. Облыстық аурухана дәрігерлері оның өмірі үшін 1 апта бойы арпалысты.
Бірақ, бір аптадан соң, қазанның 10-ы күні Игорь Нанаев ес жимастан, көз жұмды.