Русский Сайттың толық нұсқасы

Жылан шаққан 9 жасар бала көз жұмды

Алматы облысы Кеген ауылында 9 жасар баланы жылан шағып қайтыс болды. Жеткіншек ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дерек жансақтау бөліміне жатқызылған. Онда өкпенің ісінуі сияқты асқынулар пайда болған. Науқасқа бірден дезинтоксикациялық ем жасалды. Токсиколог мамандармен келісе, екі реттік жылан уына қарсы сарысу егілді. Дәрігерлердің айтуынша, клиникалық хаттамаға сай барлық емдік шара жасалған. Алайда, соған қарамастан, жеткіншек 2 күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Мұрат СЕРІКҰЛЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алматы қаласының № 1 қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсиколог және реаниматолог дәрігерлері арнайы аудандық ауруханаға келіп, емдік шаралар келісілді. Сонымен қатар, республикалық денгейдегі анестезиолог-реаниматолог, токсиколог дәрігерлерімен консилиум өткізілді. Бірақ, интенсивті реанимациялық комектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан 2023 жылы 29 маусымда биологиялық өлім тіркелді.

Жыл басынан бері Алматы облысында жылан шағудан 11 адам зардап шеккен. Ал былтыр жылан шағудан 24 адам медициналық көмекке жүгінді.