Русский Сайттың толық нұсқасы

Адам ұрлады деп айтыпталған кәсіпкердің ісі бойынша алдын-ала сот тыңдауы басталды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2016
  • 2539

Бүгін Алматыда кәсіпкер Лилия Рах және оның сыбайластарының ісі бойынша алдын-ала сот тыңдауы басталды. Сот залында қазақстандық сән кәсіпкерімен бірге оның сыбайластары деп танылған Мири Паз, Бақыт Шалабаев және Ислам Мисиров төбе көрсетті. Тергеу ісі бойынша, сән әлемінің мықтылары өзбек азаматы Хамро Сувановты ұрлады деп айыпталып отыр. Олар 33 жастағы азаматты қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен ұстап отырған. Жәбірленушінің адвокаты Ермек Дерябин сот тыңдауында өзінің қорғауындағы азаматтың айыптау шешімінен бас тартпайтынын жеткізді. Ал, айыпталушылардың адвокаттары сот талқысын жабық өткізуді сұрады. Келесі сот отырысы қай күні болатыны әзірге белгісіз.

Қуаныш Әріпов, Алматы қаласы алмалы аудандық сотының төрағасы:

Бұл қылмыстық істің ешқандай мемлекеттік құпиямен байланысы жоқ. Және жәбірленуші мен айыпталушылардың жеке басына қатысты ұятты мәселелер қаралмайды. Сондықтан сот процесі ашық өтетін болады. Бірақ дегенмен, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 345 бабы, алтыншы бөліміне сәйкес, сот залының ішінде түсірілім жүргізілмейді. Сот процесі тек көрші бөлмеден бақыланатын болады.