Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының полицейлері есірткі өсірген тұрғынды анықтады

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2023
  • 909

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан 7291 түп қарасора және алты қап кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысатынын анықтады.

30 маусым күні оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы аталған ақпаратты растады.

62 жастағы ауыл тұрғынының жеке үйінің ауласынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар қарасораға ұқсас өсімдіктердің плантациясын анықтады. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7291 түп тәркіледі.

Сондай-ақ қора ішінен алты қап және екі бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына “Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалды.