Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында бір топ адам заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2023
  • 730

Ақмола облысында бір топ адам заңсыз алкоголь өнімдерін өндіріп сатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұтынушыларына сату мақсатында Степногорск қаласындағы бір топ тұлға жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып, заңсыз алкогольдік өнімдерді құятын жасырын цехтар ұйымдастырған.

Щучье, Көкшетау, Степногорск және Ақкөл қалаларында тінту барысында алкоголь өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар, ыдыстар, сондай-ақ әртүрлі атаудағы сатуға дайындалған 17 000-нан астам бөтелке дайын алкогольдік сусындар, 3 500 литрге жуық алкоголь және 40 000-нан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары табылып тәркіленді.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен табылған 2 млн теңгеден астам ақша, сондай-ақ 3 автокөлік тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.