Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауырған соң бағалай бастады": Жазира Байырбекова күйеуінің көп нәрсеге тыйым салғанын жасырмай айтты

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2023
  • 1523

Танымал әнші Жазира Байырбекова “Төртеу түгел” бағдарламасында күйеуінің ел білмейтін жағымсыз қасиеттері жайлы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жанболатта ауылда бірге тұрып келгеннен кейінгі тәрбиемен қалып қойған. Әйел еркектің айтқанымен жүру керек деген сияқты. “Саған бұлай сөйлеуге, киінуге болмайды, еш жерге баруға болмайды” деген селкілді көп нәрсеге тыйым салатын. Сөзбен айтып түсіндіре алмадым. Мен қатты ауырған соң Жанболат мені бағалай бастады. Ауырғанның да бір жақсылығы бар екен ғой деген ойға келдім. Негізі күйеуімді өзгерту үшін арнайы ештеңе жасамадым”, – дейді Жазира Байырбекова.

Өнер иесі күйеуі Жанболаттың бойында ұнамайтын қасиеттері барын да айтып қалды.

“Шыдамсыз. Мысалы, даяшы тамақты кешіктіріп жатқанда, нанды бірінші әкелмеген жағдай шыдамсыздық танытып жатады. Сосын өте талапшылдығы ұнамайды. Үшіншіден, Жанболат не болса да бетке айтады. Адамның көңіліне тие ме, жоқ па қарамайды. Сол қасиеттері маған ұнамайды. Бірақ оның болмысы сондай, оны өзгерте алмайсың”, – дейді әнші.