Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жалдамалы пәтерден жас келіншек өлі табылды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2023
  • 841

Шымкентте әл-Фараби АПБ-ның “102” арнасына жалға алынған пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жас келіншектің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, криминалистер, тергеушілер мен жедел уәкілдерден құралған Шымкент қаласы ПД-ның жедел-тергеу тобы шықты, аудан прокурорлары да келді.

"Кезекші сарапшы жәбірленушінің механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады", деді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Пәтер иесі танысының айтуымен полицейлер жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол Шымкентке жұмыс іздеп келген 28 жастағы әйел болып шықты. Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеушілер мен жедел уәкілдер дереу күдіктіні іздеуге және оны ұстауға кірісті.