Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2023
  • 1233

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз", - деп жазды Мемлекет басшысы.