Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың 25 жылдығына орай монета шығарылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 573

Ұлттық банк 1 шілдеде елорданың мерейтойына орай "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ASTANA. 25 JYL монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 20 000 дана", - делінген банк хабарламасында. 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбастауға болады. Монета 2023 жылғы 3 шілдеден бастап банктің интернет-дүкенінде сатылады.