Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында «Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымының есебі тындалды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2016
  • 7910

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымының есеп-беру сайлау жиналысы өтті. Онда күн тәртібіндегі төрт мәселе қаралды. Атап айтсақ, аталмыш партияның 2014-2016 жылдары жасаған жұмыстары, бюро мүшелері мен  төрағаларын қайта сайлау. Сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының 19-ші есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.

Бүгінде аталмыш партия ұйымынының 236  мүшесі бар. Олардың 64 пайызы жоғары білімді және негізгі құрамы білім беру саласының қызметкерлері. Биылғы жылы мұнда 3 рет бюро отырысы өткізіліп, 4 рет жалпы жиналыс болған. Онда бастауыш партия ұйымының жылдық жоспары жасалып, бекітілген. Жалпы партия құрамында 6 мекеме бар және жиында әр мекеме ауыз толтырып айтарлық жұмыстарын тілге тиек етті.

Қуаныш Артықбаев, "Нұр Отан" партиясы Байзақ аудандық филиалы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Жастардың алға қойған міндеттерді атқаруға мол мүмкіндігі бар. Сол себепті жастарға мемлекеттік деңгейде еліміздің иесі болатын елімізді бүкіл әлемге танытатын жастар, яғни біз. Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының тікелей қолдауымен Қазақстан жастары арасында танымал әрі кеңінен қолдау тапқан жобаларды «Дипломмен ауылға», «Жастар отанға», «Жастар кадрлық резерві» арнаулы жобаларды іске асырып келеді.

Мұнда партияның жұмысы мен тәртібі жылдан жылға жетіліп келеді.  Осыған орай жиында жыл соңына дейін  «Нұр Отан» партиясының 9 жобасы бойынша іс-шара өткізілсін деген шешім қабылданды. Ал, бұған дейін бастауыш ұйымның бастамасымен 18 іс-шара өткізіліпті. Оның ішінде айналаны абаттандырудан бөлек, мектептер мен мәдениет үйлерін көркейтуге көп үлес қосқан. Ал «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы қарттардың күнделікті тұрмысына көмек көрсетіліп, қамқорлық жасалды. Бұл шаралар екі есе екпінмен қайта қолға алынбақ.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ