Алматы облысында 3 шілде күні аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжауынша, Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.
"Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Солтүстікте, орталықта шаңды дауыл тұрады", – деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт қаупі де жоғары.
Қонаев қаласында күндіз 35-37 градус ыстық болады.
Синоптиктер Батыс Қазақстан облысында да аптап ыстық болатынын ескертті.