Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 702
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматы облысында 3 шілде күні аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

"Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Солтүстікте, орталықта шаңды дауыл тұрады", – деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт қаупі де жоғары.

Қонаев қаласында күндіз 35-37 градус ыстық болады.

Синоптиктер Батыс Қазақстан облысында да аптап ыстық болатынын ескертті.