Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында жоғалып кеткен мүгедек әйел өлі табылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2023
  • 863

Қостанай облысында жоғалып кеткен мүгедек әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іздеу операциясының үшінші күні Сарыкөл ауданының жоғалған тұрғынының денесі Большие Дубравы ауылынан сегіз шақырым жерде табылды. 

Қаныш Әлиев, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ М.А:

30 маусымда 58 жастағы әйел үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетті. Оның ағасы полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері ТЖ қызметкерлерімен және еріктілермен бірге іздеуді бастады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол жоғалған әйелдің жерленген жерін көрсетті. Осы дерекке қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды

Жергілікті еріктілер жоғалған әйелді іздеуге қатысты. Әйел жоғалып кеткен күні ауыл тұрғынымен жанжалдасып қалған. Тергеу мәліметтері бойынша осы себеппен ер адам қылмыс жасаған болуы мүмкін.

Ресми мәліметтерге сәйкес, марқұмның денесі тереңге жерленбеген, бұтақтармен және құрғақ жапырақтармен жабылған. Қылмыс ауыл маңында қарусыз жасалған, содан кейін марқұмның денесі орманға апарылған.

Полиция мәліметінше, күдікті 31 жаста, ол бұрын сотталмаған. Қайтыс болған әйел жалғыз тұрған, екінші топтағы мүгедек болған.