Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік үлескерлер төрт жылдан бері өз баспаналарына қол жеткізе алмай жүр

Ақтөбелік үлескерлер үйсіз қаламыз ба деп қорқып отыр. «Сафина» тұрғын үй кешеніне бар жиған-тергенін салған олар төрт жылдан бері баспаналарына қол жеткізе алмай жүр. 2019 жылы басталған құрылыс әлі бітпеген. Тұрғындар құр уәдеге тойып, күтуден шаршаған. 

Бүгін шыдамы таусылған үлескерлер облыс әкімдігіне келді. Олар аймақ басшысымен кездесіп, көмек сұрамақ. Екі жүз қырық адам 2019 жылы үй алу үшін құрылыс компаниясына ақшасын салған. Тұрғын үй 2020 жылы тапсырылуы тиіс еді. Бірақ қос тұрғын үйдің бірінің құрылысы бітпей тұр, ал екіншісі тіпті салынбапты.

Қамарсұлу ЖАНҰЗАҚОВА, ҮЛЕСКЕР:

Үй тапсырмақ түгіл үйдің жары да жоқ. Ең өкініштісі, 12 мкр, 3 корпустың тоқсан бес пайыз құрылысы салынған. Ал бізден 100 пайыз әркімнен ақша жинап алып, сол 4 корпус екі пачка кірпіш қалаған. Басқа ештеңе де жоқ.

Жоламан ҚАРЫМСАҚОВ, ҮЛЕСКЕР:

Мен 4,5 млн бастап салдым. Одан кейін инвестор келді оған да бердім ақша. Енді ешқандай құрылыс жүріп жатқан жоқ. Иә, жылжып жатқан жоқ. Иә, ақшамызды қайтармайды. Договорға отырды орындау керек қой. Үйсіз қалмау керек қой халықтың барлығы.

Мердігер мекеме үстінен қылмыстық іс қозғалған, ал құрылыс тоқтап қалған. Қос тұрғын үйді аяқтауға инвестор тартылыпты. Бірақ олар да ештеңе тындырмаған көрінеді.

Ақмарал ШӘРІПОВА, ҮЛЕСКЕР:

ЖК Сафина 100 пайыз төлеген фирмамыз. Инвестор ТОО «Казахфинанс» 10 мыңнан кв/метрге жетеді деді. Сафина екеуінде договор бар деді. Енді ол ақша жетпей қалған. Біз төлеп бастадық. Кейбіреулер жүз пайыз төлеген. Кейбірі бөліп төлеген. Енді осылай болып жатыр. Акимат екі ай ішінде шешеміз деді. Екінші ай уже шешу керекпіз деді.

Әкімдіктегілер мәселені заңмен шешуді ұсынып отыр. Оның бірнеше жолы қарастырыуда.

Нағымжан АЛДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бірақ біздер заң жүзінде жасауымыз керек. Ертең қайтадан осында мәселе туындап қалмас үшін заңды жолдарымен жұмысты аяқтауымыз керек. Ол үшін ЖСК қосымша қайтадан ЖСК бөлек ашып соған ақшаны біріктіріп сол арқылы жібереміз бе? Не болмаса қылмыстық істі күтіп сонымен аяқтаймыз ба? Оны полиция департаментімен, тұрғындармен ақылдасып бір шешімге келуіміз керек.

Тұрғындардың қазір күтуден басқа амалы жоқ. Мәселе шешілмесе үлескерлер жоғары жаққа шағымданамыз деп отыр.