Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында егістікті суаруда заңсыз фактілер анықталды - министрлік

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2023
  • 742

Экология министрлігі Жамбыл облысында егістік алқабын сумен қамту бойынша анықталған заңыз фактілерді атады.

«Жамбыл облысында егістікті сумен қамтамасыз етуде бірқатар проблема анықталды. Мәселен, бүгінде нақты пайдаланылатын суармалы жерлер туралы дәл мәлімет жоқ. Әкімдіктің мәліметі бойынша 181 мың га суармалы жер бар, ал биыл жасалған шарттар бойынша «Қазсушар» тек 93,6 мың га жерге су береді», - деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Спикердің сөзінше, егістік үшін суды тиімді пайдалану бойынша облыс әкімдігіне ескерту жасалды.

«Жай жерлерді қолданыстағы каналдарға қосу арқылы суармалы жерлерге ауыстыру фактілері бар. Бұл каналдардың соңғы бөлігін сумен қамтамасыз етуге теріс әсерін тигізіп отыр. Жекелеген шаруа қожалықтары алқаптарға егін егіп, бірақ «Қазсушар» РМК-мен су беру туралы шарт жасаспаған. Бұл өңірдің егістік алқабын сумен қамту жағдайына кедергі келтіреді. Сонымен қатар, магистральдық каналдарға сорғыларды заңсыз қосу фактілері де анықталды. Мысалы, Тасөткел бойынша 200-ден астам осындай сорғы бар. Осы орайда, шаруашылықтармен суды пайдалану бойынша шарттар жасасу және оны есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді маман.