Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбекстанда 20 баланың өліміне себеп болған жөтел сиропынан өнеркәсіпте қолданылатын пропиленгликоль табылды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2023
  • 1068

Өзбекстанда былтыр 20 баланың өліміне себеп болған, жөтел сиропынан өнеркәсіпте қолданылатын пропиленгликоль табылған. Бұл туралы «Рейтер» агенттігіне сілтеме жасап Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.

Улы дәріні үндістандық «Марион Биотех» компаниясы шығарған. Ол пропиленгликольді техникалық сұйықтық жасайтын компаниядан сатып алғанын мәлімдеді. Аталған сұйықтық тек өнеркәсіптік мақсатта қолдануға болады.

Нақтырақ айтсақ, сұйық кір жуғыш ұнтақ, антифриз, бояу және басқа токсинді бұйымдарды жасау, тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады.

Улы зат қосылған дәріні ішкен балалар өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Елдің фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бірнеше жоғары шенді қызметкері қамауға алынды.

Тексеріс әлі аяқталған жоқ.