Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда көз жұмған қыз танымал спортшы болған

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2023
  • 882

Ақтаудағы "Шора" су жинау алабы маңынан 21 жастағы қыз өлі табылғаны жайлы жазған едік. Көз жұмған өңірге танымал спортшы Валерия Шальнова болып шықты. Спортшының әпкесі сіңлісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді, - деп хабарлайды massaget.kz

Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәліметінше, 2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102-ге су жинау арнасында, көпір маңында адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Жедел-тергеу тобы хабарға байланысты шықты. 21 жастағы қыздың денесі зорлықпен өлім белгілерінсіз табылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Валерияның туыстары қыздың өліміне кінәлі адам бар және ол тұтқындалған дейді. 

Лераны екі жылдан бері бірге жүрген жігіті өлтірді деп ойлаймыз. Бұған дейін қол көтерген кезі болған. Тергеу басында өз ісін мойындаған, кейіннен сөзінен тайқыды. Оқиға болғанда оның телефоны жанында болмады, жігітте болған. Ол бізге жалған қоштасу хатын жазған. Зерттеу көрсеткендей, Лера сағат 5 шамасында қайтыс болған, ал хат 6-лар шамасында жазылған, - дейді Каролина. 

Каролинаның айтуынша, сіңлісі Ақтауда танымал спортшы болған. Қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде айналысқан. Көптеген жарыста жүлде алған. 

Лера судан қатты қорқатын. Ол өзін суға тастауы мүмкін емес. Біз істің әділ болғанын талап етеміз, - дейді Каролина Шальнова.