Түркияның "Бешикташ" командасы Ресей чемпионатында ойнайтын екі футболшыға қызығушылық танытуда. Оның бірі – қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов, - деп хабарлайды massaget.kz
Біз ЦСКА сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновты қатарымызға қосқымыз келеді, - деген клубтың спорттық директоры Джейхун Казанджи.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық футболшылар Түркия суперлигасында легионер болып саналмайтыны жайлы ақпарат шыққан.
25 жастағы Бахтиер Зайнутдинов өткен маусымда ЦСКА сапында 21 ойынға қатысып, 1 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Ресей кубогын жеңіп алды.