Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәрбиеші баланың жоқ екенін білмеген: Оралда бүлдіршін балабақшада жоғалып кеткен

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2023
  • 836

Оралдағы балабақшада бүлдіршін жоғалып, тәрбиеші ол туралы тіпті білмей қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Маленький принц" бөбекжайында балалар тәрбиешілермен бірге таңғы серуенге шыққан кезде баланың бірі шығып кеткен. Баланың анасы оқиғасын Мой город Telegram-арнасына бөлісті. Айтуынша, көшеде бір қыз жалғыз жүрген баланы байқап, оны алып келген.

“Олар баланың жоғалып кеткені тек ұлымды көшедегі қыз алып келгенде білген. Оған дейін телефонмен ештеңеге мән бермей, отырыпты . Балабақшаның қақпасы ашық,с онда күзетші мен осының бәрін бақылайтын меңгеруші қайда?”, – деді ана.

БҚО білім басқармасынан оқиға туралы сұрап білді.

“Білім беру басқармасы жағдай бойынша анықтау жұмыстарын жүргізді. Балалардың қауіпсіздігін толық қадағаламаған топ тәрбиешісі жұмыстан шығып кетті”, – делінген ведомоствосында.