Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2023
  • 949

2023 жылғы 6 шілде күні Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, өткізу бекеттері Астана күні мерекесіне байланысты жабылады.

"2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды".

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ал ведомствоның мәлімдеуінше, Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Комитет тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.