Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей тұрғыны жолбарыс пен арыстанның 4 күшігін Қазақстандағы зообаққа сатпақ болды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2023
  • 1179

Ресей кеденшілері үш айлық жолбарыс пен арыстан күшіктерін Қазақстанға заңсыз кіргізуге жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей федералды кеден қызметіне сілтеме жасап.

Астрахан облысының Қараөзек өткізу пунктінде жолаушылар көлігін тексеру кезінде жыртқыштың төрт күшігі табылған.

60 жастағы жүргізуші оларды көліктің артқы орындығында жануарларға арналған пластикалық ыдысқа салып, әкетіп бара жатқан.

Қолында ешқандай рұқсат құжаты жоқ.

Ер адам Шешен Республикасынан күшік сатып алып, қазақстандық жеке хайуанаттар бағына сатам деп жоспарлаған.

Жануарлар тәркіленіп, уақытша паналайтын ыңғайлы орынға орналастырылды.

Контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.