Русский Сайттың толық нұсқасы

Аптап ыстыққа байланысты азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауысты

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2023
  • 998

Премьер-министр Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың республиканың бірқатар өңірінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, ауа райына байланысты азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Үкімет басшысы ТЖМ-ге облыс әкімдіктерімен бірлесіп штаттан тыс жағдайларға, оның ішінде табиғи өртке және адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен техникалық құралдарды жұмылдыруды тапсырды.