Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қызының көзінше қолдарын кесіп тастаған": Ашуға булыққан өзбекстандық көршісін пышақтап өлтірген

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2023
  • 1305

Өзбекстанның Наманган қаласында ер адам көршісін пышақтап өлтірген. Алдымен ол әйелдің ішіне пышақ сұғып, кейін екі қолын кесіп тастаған. Адам шошырлық кісі өлтіру марқұмның кәмелетке толмаған қызының көзінше болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі uznews.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олвализор махалласының 31 жастағы тұрғыны мен оның 48 жастағы көршісі арасындағы алғашқы жанжал 12 маусымда болған. Сол күні олардың арасында тұрғын үй дауы басталып, сол кезде ер адам қарсыласына темір ломмен шабуыл жасамақ болған. Ашуға булыққан ер адамның әрекетін көршілері тоқтатқан.

Шабуылдан кейін әйел полицияға хабарласқан. Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Арада бірнеше күн өткен соң ер адам егіз інісімен бірге көршісінің үйіне келеді. Ер адамдар өздерімен бірге пышақ ала келеді.

Әйел үйден шыққаннан кейін Олвализор махалласының 31 жастағы тұрғыны оған шабуыл жасап, оның ішіне пышақты бірнеше рет ұрып, содан кейін екі қолын кескішпен кесіп тастаған. Кісі өлтіру 48 жастағы өзбек әйелінің кәмелетке толмаған қызының көзінше болған. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмды.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, 4 шілдеде ер адамға қатысты 97-бап "Қасақана кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам процессуалдық тәртіппен қамауға алынған.