Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстаннан Ресейге әкелінген қызанақтардан вирус анықталған

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2023
  • 1556

Алтай өлкесі бойынша Россельхознадзор басқармасының инспекторлары 18 тонна қызанақтан вирус анықтаған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өткен аптада Қазақстаннан Ресейге келген 18 тонна қызанақтан карантиндік ToBRFV зиянды вирусы табылды. Бұл жағдай зертханалық сараптама нәтижелерімен расталған.

Мұндай өнімді қолдануға болмайды, сондықтан оны одан әрі пайдалану немесе жою туралы шешім қабылданғанға дейін ол оқшауланған қоймада болады.

Заңнама талаптарына сәйкес өнімді қабылдап алған тарап мұны зарарсыздандыру керек немесе оны жоюға міндетті. Осы рәсімдерді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда таза емес өнім қадағалау органдарының бақылауымен еліне қайтарылады.

2023 жылы Алтай өлкесі бойынша Россельхознадзор басқармасының инспекторлары Қазақстаннан келген қызанақтан осы вирусты үш рет тапқан. 51 тоннадан астам өнім таза емес болып шықты.