Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында ауыл тұрғындары ескі мәдениет үйін жөндеуге қарсы

Бұл – Ақтоғай ауданына қарасты Әуелбек ауылындағы ескі мәдениет үйі. Ғимарат 30 жылдан астам уақыт бос тұрған. Биыл оған аудан әкімдігі күрделі жөндеу жүргізіп жатыр. Алдайда, оған жергілікті тұрғындар қарсы. Себебі, өткен ғасырда салынған ғимараттың қабырғасы шытынап, плитасы опырыла бастаған.

Мұрат ШҮКЕН, ӘУЕЛБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл бос тұрған здание гарантия жоқ бүгін құлай ма? Ертең құлай ма? Сыртын бір-екі күнде жауып тастайды. Былай айтқанда, іші бүтін сырты түтін. Ертең құлап жатса, оған кім жауап береді? Мәселе сол.

Бағлан СЕЙПАНОВА, ӘУЕЛБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

30 жылдан аса бос тұрды. Ылғи ауылдық жиналыстарда осы мәселе көтерілетін. Ауыл азаматтарының азаматтық позициялары деп ойлаймын. Ана жақта сондай жарылыс бар. Мына сайдингпен жауып бастағаннан кейін көріп, жанашырлықпен айтып жатыр деп.

Тұрғындардың бұл пікірімен аудан әкімдігі келіспейді. Айтуларынша, ғимаратты жөндеместен бұрын 3 бірдей сараптама жасатқан. Тексеру қорытындысы бойынша жөндеу жүргізуге рұқсат бар. Тек сөгілген қабырға мен опырылған плитаны қалпына келтіру міндеті жүктелген.

Нұрбол МҰХИТОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Екі эспертизадан біз оң шешім шықты. Бұл синерлерін темір арматурамен тартылған. Қысылған құламау үшін одан әрі қарай ыдырамау үшін. Эксперттердің қорытындылары бізге гарантия. Мен ойлаймын. Халыққа да гарантия болу керек құламайтындығына.

Ал жөндеу жұмыстары жергілікті қауымдастық пен мәслихат депутаттарының бақылауында.

Ризабек КЕТІКОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ғимараттың басталғанын бастап, осының басындамын. Әр этабын өзім тексеріп, үстінен бастап, бәр жұмысын өзім қарап, өзім қадағаладым. Бірнеше сұрақтар болды. Оның бәрін меңгердік.

Ғимараттың құрылысына қазынадан 156 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта нысанның сыртын қаптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл күзде қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр.