Елордада ең ауқымды кітап фестивалі өтті. Оған еліміздегі 30-ға жуық баспа дүкендер өз өнімдерін алып келді. Жәрмеңке аясында түрлі акциялар, авторлармен кездесулер ұйымдастырылды. «Kitap Fest» елімізде алғаш рет 2014 жылы болды. Ал бас қалаға бұл әдемі дәстүр 2019 жылы келді. Мәдени іс-шара Астана қаласы әкімдігінің "Креативті индустрияларды дамыту орталығының" қолдауымен өткізілді. Жобаның басты мақсаты - кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Майра ӘЛЖАНОВА, "KITAP FEST" КІТАП ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Жылына кітап санының шығуына байланысты негізі көлемі де көбейіп келе жатыр. Бұл – кітапқа деген қызығушылық бар деген сөз. Бұл бізді қуантады. «Kitap Fest» аясында біз, міндетті түрде, біздің қазақстандық жазушыларға, біздің қазақстандық авторларға осындай үлкен ауқымдағы шара ұйымдастыруымыз керек.
Дәулет МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Кітап пен кітапхана ұғымдары ол -тұтатас, бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Сонын ішінде, қазіргі кезде балалар әдебиетіне ден қойып, фантастика жанры жетіспейтіні де байқалады. Сондықтан осы саладағы кітаптар көбейсе екен дейміз. Әрине, қазақ тілді кітаптардың да көбейіп жатқаны бізді қуантады.