Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін толық аяқтады

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2023
  • 893

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі толық аяқталды. Мұны Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«4 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылдың 2 желтоқсанында Ташкентте екі мемлекеттің басшылары қол қойып, парламенттері ратификациялады. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың 19 жылдық процесіне нүкте қояды», - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде.

Еске салайық, былтыр 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылған еді.