Жеке ән кешін өткізген әнші Мирас Жүгінісов осы кезге дейін кәрі құрлықта өнер көрсеткенін ендігі мақсаты Франция екенін жеткізді. Өнер иесі бұл туралы Ревю бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мирас Жүгінісов өзінің карьерасын шетелде жалғастырмақ ниетте.
"Елімізде тур жасап, соло ән кештерімді қойдым. Ендігі мақсат шетелге барып конкурстарға қатысу. Менің энергиям сарқылмайды", - дейді әнші.
Сондай-ақ, әнші жуырда Франция еліне аттанбақ ниетте.
"Мен Францияға барғым келеді. Маған Француздардың музыкасы өте қатты ұнайды. Мен ол жаққа байқауларға қатысуға барамын. Құрлық асып, еліміздің туын сол жақта желбіреткім келеді,- дейді Мирас Жүгінісов.