Русский Сайттың толық нұсқасы

"Төрт пәтердің құны": Баян Алагөзова киім-кешегінің қанша тұратынын айтты

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2023
  • 1181

Танымал продюсер Баян Алагөзованың киімдерінің бағасы көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баян Алагөзова актриса Әсел Сәдуақасова пен кәсіпкер Мағжан Тілеухановтың үйлену тойында бой көрсетті. Продюсер тойға Jimmy Choo брендінің құны 1000 еуро тұратын туфлиімен келді. Айтуынша, көйлегі 5000 еуро, аппақ пиджагі 2000 еуро, ал қалпағы 600 доллар тұрады. Оның қолындағы көздің жауын алатын қымбат білезіктері де назарсыз қалмады. Білегіндегі бұйымдардың құны 200 мың долларға жуық. Сондай-ақ ол 5000 доллар тұратын сырғасы мен VanCleef брендінің 10 мың долларлық алқасының да бағасын жасырмай айтты. Осылайша Баян Алагөзованың үстіндегі киімі 223 880 долларға (шамамен 100 миллион теңге) бағаланды. Продюсер кейбір әшекейлерінің күйеуі сыйлығы екенін атап өтті.

“Сәнді әйел қымбат көрінуі керек”, – деп жазды продюсердің өзінен сұхбат алған блогер.

Киімдерінің бағасын еш қымсынбастан жария еткен Баян Алагөзованың бұл сұхбаты қазақстандықтарды сөзсіз таңғалдырды.

“Үстінде төрт пәтердің құны”, “Баян мені асырап алыңызшы”, “Жылайын ба, күлейін бе?”, “Мұндай бағаларды қалай жаттап алады?”, “Жарайсың, лайықсың”, “Осылай өмір сүру керек”, – деп жазды желідегілер.

Блогердің: “Сіздің бір ай жайлы өмір сүруіңіз үшін қанша қаражат қажет?” деген сауалына Баян: “10 миллион теңге жетіп қалады” деп жауап берді.