Русский Сайттың толық нұсқасы

Қор нарығында рубль бағамы тағы төмендеді

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2023
  • 760

Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,87- 4,98 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал, Астанада 4,85 -4,93 теңге аралығында құбылып тұр.

Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,91 -4,95 аралығында.

10 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,92 теңге болған.

Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,85 теңге.

АҚШ ақшасы 442-447 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.