Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында ер адам әйелді зорлап, артынша өртеп жіберген

Жетісу облысында ер адам 1980 жылы дүниеге келген әйелді зорлап, жауыздықпен өлтірген. Артынша ізін жасыру үшін күдікті мәйітті өртеп жіберіпті. Сұмдық оқиғаға қатысты полиция заңда көзделген қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.