Русский Сайттың толық нұсқасы

Мирас Жүгінісов Франциядағы байқауда бақ сынамақ

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2023
  • 1024

Отандық танымал әнші Мирас Жүгінісов халықаралық Victoires de la Musique байқауына қатысу үшін Францияға аттанбақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мирас елдегі турын аяқтап, енді жаңа кезеңге аяқ баспақ. Ол әлемдік сахнаны бағындыруды көздейді.

Алдыңғы турға қарағанда бұл турдан көбірек шабыт алып, жаңа күшпен келдім, - деді әнші.

Жас жігіт аз уақыттың ішінде қазақстандық тыңдармандардың сүйікті әншісіне айналып шыға келді. Оның концерттеріне билет те алдын ала сатылып кетеді. Енді ол Францияда өнер көрсетпек.