Русский Сайттың толық нұсқасы

Аптап ыстық күтіледі: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2023
  • 677

12 шілдеде Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, батысында, Түркістанның шөлді аймақтарында, Павлодар орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында өте қатты ыстық болады.

Алматыда күндіз 33-35 градус ыстық, Астанада – 37-39 градус, Шымкентте – 37-39 градус ыстық болады деп күтіледі.